Accessibility links

Франция: жаппай ереуіл экономикаға шығын келтірді


Зейнетке шығу жасын 60-тан 62-ге кейін ұлғайтуға қарсы Францияда өтіп жатқан жаппай наразылық ереуілдері ел эконоикасына 200-ден 400 миллион евро шығын келтіреді, деп мәлімдеді Францияның қаржы минстрі Кристина Лагард.

Оған қоса, - деп атап көрсетті қаржы министрі, - наразылық ереуілдері барысындағы ереуілшілер мен полицияның қақтығыстары Францияның халықаралық абырой-беделіне кір келтіреді.

Осы аптада француз парламенті зейнетке шығу жасын 2 жылға ұлғайту туралы заң жобасын біржола мақұлдауға тиіс.

Кәсіподақтар наразылық ереуілдерін жалғастыра бермекші. Ереуілдер елде жанармайдың жетіспеуіне соқтырды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG