Accessibility links

Бішкек: «Атажұрт» қауіпсіздік қызметін айыптайды


Дүйсенбі күні Қырғызстанның тағы бір саяси «Атажұрт» партиясының 1 мыңға жуық белсендісі қауіпсіздік қызметінің төрағасы Кеңешбек Дүйшебаевтың қызметтен кетуін талап етіп, Бішкектің орталығына жиналды.

Митингіге жұрт үзілмей келіп жатыр, алаңды милиция қызметкерлері қоршап тұр; шеру бейберекетсіз өтіп жатыр, деп хабарлады біздің тілшіміз.

«Атажұрт» партиясының тең төрағасы Қашты Ташиев қауіпсіздік қызметін «өзін қаралау үшін арандатушылық істеді» деп айыптады.

Оның қарсаңында Ташиевтің үйі маңында қауіпсіздік қызметі өкілдері мен саясаткердің күзеті өзара төбелесіп қалған болатын.

Дүйшебеков өзіне тағылған айыпты негізсіз деп атады. Бас прокуратура төбелесті тергеу үстінде.
XS
SM
MD
LG