Accessibility links

ЕуроОдақ министрлері Сербияның өтінішін қарайды


Дүйсенбі күні Люксембургке жиналған Еуропа Одағы елдері сыртқы істер министрлерінің күн тәртібінде тұрған ең маңызды мәселенің бірі – ЕуроОдақтың сербиямен арадағы қарым-қатынасы болып отыр.

Министрлер ресми Белградтың өзін ЕуроОдаққа қабылдау туралы өтінішін ЕуроКомиссиясының қарауына жіберу туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Бұл – Сербияға ЕуроОдаққа кіруге үміткер деген мәртебе беру жолындағы бірінші қадам болып табылады.

Сербияның мәртебе алуына ресми Белградтың Косовомен келіссөз жүргізуге әзір екенін білдіруі жол ашып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG