Accessibility links

Назарбаев: Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесі құрылады


Астана мен Брюссель Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесін құруға келісті.

Бұл туралы Бельгия Корольдігі премьер-министрінің міндетін атқарушы Ив Летермен кездесу барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды бекіту және одан әрі дамыту үшін қазақстандық-бельгиялық Іскерлер кеңесін құру туралы келісім орнады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
XS
SM
MD
LG