Accessibility links

Биыл Ресейде болған ыстықтан адам өлімі көбейіп отыр


Ресейде биыл жазда болған ыстық өткен жылмен салыстырғанда адам өлімінің 20 пайызға артуына себеп болды. Бұл туралы Ресей үкіметінің дүйсенбі күні жариялаған баяндамасында айтылған.

«Ресейде бұрын-соңды болмаған ыстық ауа райы, табиғи орман өрттері мен соның салдарынан болған көк түтінннен, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, адам өлімі шілде айында - 17, тамыз айында - 27 пайызға көбейген», - делінген баяндамада.

Жыл басынан бері елге жүз мыңнан аса иммигранттардың келгеніне қарамастан, биылғы жылдың алғашқы сегіз айында Ресей халқы 90 мың адамға қысқарғандығы байқалған.

Биыл жазда Ресейде ыстық пен құрғақшылықтан 1 миллион гектар жерде 30 мыңға жуық орман өрті тіркелді. 62 адам қаза болып, 2,5 мыңдай тұрғын үй өртеніп кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG