Accessibility links

Чили президенті Германиядан кешірім сұрады


Чили президенті Себастьян Пиньера, Берлинге сапары барысында қонақтарға арналған кітапшада қалдырған жазбасы үшін Германиядан кешірім сұрады.

Пиньера кітапшаға Deutschland uber alles ("Германия бәрінен жоғары") - деп жазып кеткен. Бұл ұран көпшілік үшін нацистік диктатура заманымен байланысты.

Чили президенті, өзінің мектепте оқыған 60-шы жылдары, оларға Германия XIX ғасырда дәл осы ұранмен біріккен деп үйреткендігін жеткізді, дейді Associated Press агенттігі.
XS
SM
MD
LG