Accessibility links

Қытайлық Нобель лауреаты сыйлықты өзі ала алмайды


Бейбітшілік бойынша 2010 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты – қытайлық диссидент Лю Сяобоның зайыбы ерінің достары мен үзеңгілестерін 10 желтоқсан күні Ослода өтетін сыйлықты тапсыру салтанатына қатысуға шақырды.

Қытай эмиграциясы сайттарының бірінде жарық көрген ашық хатта түрмеде 11 жылдық жазасын өтеп жатқан Лю Сябоның зайыбы Норвегия астанасындағы салтанатқа өзінің де қатыса алмайтынын хабарлайды. Еріне Нобель сыйлығының берілетіні жарияланысымен, Лю Ся үй қамауына алынды.

Лю Сяобоның екі бауыры - егер жеңгесі сыйлықты алуға бара алмаса - ағасының атынан сыйлықты өздерінің алуға әзір екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар олар дүние жүзінің жетекшілерін Нобель лауреатын түрмеден босатуға мәжбүр ету үшін Қытайды қысымға алуға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG