Accessibility links

Ирақта С.Хусеиннің 3 үзеңгілесі өлімге кесілді


Ирақ соты Саддам Хусеиннің бұрынғы жоғары лауазымды 3 үзеңгілесін өлім жазасына кесті.

Олардың ішінен ең танымалы – диктатура кезінде сыртқы істер министрі әрі вице-премьер болған Тарик Әзиз. Ол – диктаторлық биліктің саяси оппозицияны, оның ішінде шийттердің діни партияларын қудалауға ұйытқы болды деп танылды.

Өткен жылы сот Тарик Әзизді өзге айыптар бойынша 15 жылдық мерзімге түрме жазасына кескен болатын.

Сонымен қатар сот бұрынғы ішкі істер министрі Саадун Шакир мен Саддам Хусеиннің хатшысы Әбид Хамудты дарға асуға кесті.
XS
SM
MD
LG