Accessibility links

Павлодар: коммунистер мен тәуелсіз кәсіподақ митинг өткізеді


Бүгін Павлодарда Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы мен «Ынтымақтастық» тәуелсіз кәсіподағы» ұйымы митинг өткізеді. Олар осылайша «ҚазАлкоӨнеркәсіп» серіктестігінің жұмысшыларын қолдап отыр.

Бұл туралы коммунистік партияның облыстық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат агенттігі хабарлайды.

Жиынды ұйымдастырушылар тоқтап тұрған арақ-шарап зауытында қалыптасқан жағдайға қоғам назарын аударуды көздейды. Олар жұмысшыларды, шеберлерді дереу жұмыс орындарына қайтаруды, мәжбүрлі демалыстары үшін олардың жалақы бойынша берешектерін төлеуді және зауыт иелерінен активтерді саудаға салуды тоқтатуды талап етпек.

Павлодар әкімдігі митингті өткізуге рұқсат беріп отыр. Жиынға 200-ге жуық адам қатысады деп хабарлануда.
XS
SM
MD
LG