Accessibility links

Азиада-2011 ойындарының билет құны анықталды


Алматы мен Астана қалаларында 2011 жылы өтетін VII Қысқы Азия ойындарының билет құны анықталды. Бұл туралы бүгін спорт журналистері одағына сілтеме жасап ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Ойындардың ашылуы күні премиум-класс орындарының билет құны $100 тұратын болады.

Жай орындардың құны $50.

Ең арзан билет құны $30.

Жарыстың өзге де ойындарын көру үшін қазақстандықтар орта есеппен $5-дан $15-ға дейін төлеуі тиіс болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG