Accessibility links

Индонезияда жанартау оянып, цунами пайда болды


Индонезияда Мерапи жанартауының оянуынан кем дегенде 25 адам қаза тапты. Ява аралында орналасқан бұл жанартау сейсенбі күні кешке оянған.

Мерапи жанартауы соңғы рет 2006 жылы от шашқан еді. Ол кезде екі адам қаза болған.

Индонезия жоғары сейсмикалық және жанартау белсенділігіне себеп болатын бірнеше тектоникалық тақтаның түйіскен жерінде орналасқан. Сондықтан бұл жерде жер жиі сілкініп, жанартаулар сөнбейді.

Бұдан бөлек батыс Суматра жағалауына қуатты цунами пайда болды. Ол Рихтер бағамы бойынша 7,7 балдық жер сілкінісінің салдарынан туып отыр. Ментаваи аралының басшылығының хабарлауынша, цунами салдарынан 130 адам қаза болған. Ондаған адам із-түзссіз жоғалғандар қатарында.
XS
SM
MD
LG