Accessibility links

Оппозиция өткізген жиынға келгендер Владимир Козловқа қарсы төбелес шығарды


Бүгін Алматыдағы Ұлттық баспасөз клубында Қазақстан Коммунистік партиясы мен тіркелмеген «Алға» партиясының жиыны өтуі тиіс болатын. Жиын басталысымен шамамен бес минуттан кейін өздерін «желтоқсаншылар» деп атаған қозғалыс өкілдері жиынның әрі қарай жалғасуына қарсылық білдірді. Олар жиынның спикерлері, соның ішінде тіркелмеген «Алға» партиясы жетекшісі Владимир Козловқа жұмыртқа лақтырып, оның президенттікке үміткер боламын деген сөзіне наразылығын білдірді.

Өткен аптада Владимир Козлов келесі президенттік сайлауға түсетіндігін мәлімдеген болатын.

.
XS
SM
MD
LG