Accessibility links

НАТО басшысы: Ресеймен байланыстардың жақсару мүмкіндігі бар


НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің үміт артуынша, альянстың Ресеймен байланыстары жаңадан бастау алып, оның ішінде Ауғанстан мен зымыран қорғанысына қатысты жақсаруға жақын қалды.

"Financial Times" басылымына берген сұқбатында Расмуссен Ресей президенті Дмитрий Медведевтің алдағы айда Лисабонда өтетін НАТО-ның жылдық жиынына қатысуы - Мәскеумен 2008 жылы Грузияға байланысты бұзылған қарым-қатынасын жақсартады деп үміттенеді.

Расмуссенннің айтуынша, саммитте талқыланатын негізгі мәселелердің бірі – Ресейдің Ираннан төнген қаупіне қарсы зымыран қорғанысын құру жолында Ресей мен НАТО ынтымақтастық құра ала ма деген тұрғыда болады.
XS
SM
MD
LG