Accessibility links

Ватикан Саддам Хуссейн жақтасын өлім жазасына кесуге қарсы шықты


Рим католиктерінің шіркеуі Ирақ диктаторы Саддам Хуссейн билігі кезінде сыртқы істер министрі болған Тариқ Азизге Ирақ сотының өлім жазасын бергеніне қарсылық танытты.

Сейсенбі күні Ирақтың жоғары соты Азизді Саддам режимі кезінде адамзатқа қарсы жасаған қылмысы үшін өлім жазасына кескен.

Ватикан өкілі Федерико Ломбардидің айтуынша, Ираққа қарсы АҚШ соғысы басталмай тұрған 2003 жылы Рим папасы Иоанн Павелмен кездескен христиан дініндегі Тариқ Азиз үкімінің орындалуына жол бермеу үшін Ватикан Ирақ үкіметіне әсер етуге тырысады.

Ломбардидің пікірінше, сот үкімін өзгерту елде бейбітшілік пен әділеттік орнатуға көмектеседі деді.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG