Accessibility links

Ақ үй Ауғанстанға "қап-қап ақша" берілді дегенді жоққа шығарды


Ақ үй Ауғанстан президенті Хамид Карзайдың өз үкіметіне ақша жетпей жатқандықтан, Ауғанстанға "қап-қап қаржы" берген елдер қатарында Иранмен қатар АҚШ та болды дегенін теріске шығарды.

Ақ үй өкілі Роберт Гиббстің сейсенбі күні айтуынша, үлкен қаппен ақша беру Обама әкімшілігінің ісі емес. АҚШ Ауғанстан үкіметіне қолдауы мен көмегін ашық құрылған даму бағдарламасы арқылы ұсынып келді. Алайда Гиббс ауған билігіне ақшалай төлемдер берген АҚШ үкіметінің ұйымдары болмады дегенді нақты айта алмады.

Дүйсенбі күні Карзай өз үкіметі бірнеше жылдар Ираннан миллиондаған доллары бар "қап-қап ақша" алып келгенін айтып, ондай қапқа толы ақшаны Вашингтон да берді деген.

Иран сейсенбі күні Ауғанстанға біраз ақша беріп келгенін мойындағанымен, ол қаражат Карзайға ықпалын арттыру үшін емес елді қайта құруға көмек ретінде берілгенін айтқан.
XS
SM
MD
LG