Accessibility links

Индонезия аралындағы табиғат апатынан 180 адам қаза тапты


Индонезияда жанартаудың атқылауы мен цунамиден қаза тапқандар саны 180-ге жетті. Ресми өкілдердің хабарлауынша, төтенше табиғат апаттарынан 150-ден аса адам қаза болып, тағы 400 кісі хабарсыз кеткен.

Дүйсенбі күні кешкісін Суматра батысындағы жер сілкінісінен туған үш метр биіктіктегі цунами Ментаваи аралын қиратып кеткен. Құтқарушылар оншақты ауылдық жерді сумен шайып кеткен цунамиден кейін аман қалғандарды іздестіріп жатыр.

Сонымен қатар билік өкілдері Мерапи тауындағы жанартаудың атқылауынан болған күл мен ыстық газдан кемінде 28 адам құрбан болды деді.
XS
SM
MD
LG