Accessibility links

Қазақ президенті «Париж сапарын» жоғары бағалады


Қазақстан президентінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, президент Нұрсұлтан Назарбаев Францияға барған сапарының нәтижесін жоғары бағалайды. Сәрсенбі күні Францияның көрнекті саяси қайраткерлерімен, кәсіпкерлерімен, зиялы қауым өкілдерімен және француз баспасөзімен өткен кездесуі барысында Назарбаев осы сапарын «тарихи сапар болды» деп сипаттады.

Оның айтуынша, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша маңызды келісімдерге келген, жаңа экономикалық жобалар бойынша келісімдер 10 миллиард доллардан асқан көрінеді.

Ақорданың баспасөз-қызметі хабарлағандай, өткен сәрсенбі күні президент Н.Назарбаев Матиньон сарайында Францияның премьер-министрі Франсуа Фийонмен келіссөз өткізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG