Accessibility links

Қаржы полициясы 4 кісіге айып тағып, екеуін тұтқындады


Бейсенбі күні қаржы полициясының өкілі Мұрат Жұманбай хабарлағандай, қылмыстық атқару комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Қайырболат Есқалиевқа қарсы қылмыстық іс тергелу үстінде.

Оның айтуынша, осы қылмыстық іс - басқарма бастығы Батырхан Сүттіқожанов пен бөлім меңгерушісі Вячеслав Цикуновтың және «Астана Жоба Құрылыс» серіктестігінің директоры Айтмұхамет Бекқожин мен оның туысы Ерлан Бекқожаның да үстінен қозғалыпты.

Жұманбайдың сөзіне қарағанда, аталған кісілерге «қызмет бабын асыра пайдаланды» және Семей, Өскемен, Орал қалаларындағы тергеу абақтыларының жобалық-қаражат құжаттарын әзірлеуге бөлінген «бюджет қаржысын жымқырды» деген айыптар тағылыпты.

Осы жобаға 2008 жылы бюджеттен 300 миллион теңге бөлінген болса, оның 13 миллионы ғана жобаға жұмсалып, қалған сома түгел жалған кәсіпорындар арқылы жымқырылған.

Күдіктілердің ішінен Сүттіқожанов пен Бекқожа соттың үкімімен тұтқындалыпты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG