Accessibility links

ХВҚ: Қазақ экономикасы биыл 5,4 пайызға өседі


Халықаралық валюта қоры 2010 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнім көлемінің шамамен 5,4 пайызға, 2011 жылы – 5,1 пайызға өсетінін жорамалдайды.

Халықаралық қаржы институтының есебінде айтылғандай, 2010 жылдың 9 айында қазақ экономикасы 7,5 пайызға, өнеркәсіб өндірісі – 10 пайызға өсіп, өткен жылдың қазаны мен биылғы қазан аралығында жылдық инфляция 6,7 пайызға тең болды.

Бейсенбі күні Алматыда өткізген баспасөз-маслихатында валюта қорының Таяу Шығыс пен Орта Азия елдері департаменті директорының орынбасары Дэвид Оуэн мәлімдегендей, қазақ экономикасы, негізінен, экспортталатын шикізаттың әлемдік бағасының көтеріңкі болуының есебінен және оған қоса - экономиканы қаржылай ынтыландыру шарасының арқасында өсіп отыр.

Жорамал бойынша, экономикалық өсімнің ең жоғарғы қарқыны Орта Азия аймағының мұнай мен газ экспорттайтын елдерінде болады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG