Accessibility links

Өз уәделерін орындау үшін Барак Обамаға көп уақыт керек


АҚШ президенті Барак Обама мәлімдегендей, 2008 жылғы президент сайлауы алдында берген барлық уәдесін жүзеге асыру үшін Ақ үй әкімшілігі мен Демократиялық партияға көбірек уақыт керек.

Обама – міндетін атқаратын АҚШ президенттерінің ішінен бірінші болып - Джон Стюарттың сатиралық «Күнделікті шоу» телехабарының қонағы болды.

Президент соңғы екі жылда, оның пікірінше, қол жеткен жетістіктерінің бәрін тізіп айтты, оның ішінде – «оң өзгерістердің бір түнде көріне қоймайтынын» ескертіп, денсаулық сақтау саласының реформасын мысалға келтірді.

2 қараша күні АҚШ-та Өкілдер палатасының мүшелері мен сенаторлардың бір бөлігі сайланады. Әлеуметтанушылардың есебінше, демократтар Конгрестегі көпшілік дауысынан айрылуы мүмкін.

Б.Обама соңғы кезде өз партиясының сайлау науқанына белсенді атсалысып жүр.
XS
SM
MD
LG