Accessibility links

Лондон: М16 қызметінің басшысы қарасын көрсетті


Англияның құпия ақпарат қызметінің басшысы Джон Соуэрс ядролық қарудың кең таралуы мен жойқын қарудың Ирандағы сынды саяси режимнің қолына түсуі Батыс елдеріне терроризмнен де асқан қатер төндіреді деп есептейді.

«М16» деген атауымен де белгілі құпия қызметтің басшысы тарихта тұңғыш рет жұрт алдына шығып сөйледі. Лондонда Соуэрс ғалымдар мен журналистердің тобымен кездесті.

Сонымен қатар Соуэрс ағылшын барлауының Ирақтағы соғыс қарсаңында Саддам Хусеин режимінің ядролық қаруы бар деп қателескенін мойындады. Соғыс басталған соң ол жорамал расталмады.

М16 жетекшісінің айтуынша, оның агенттері ендігі жерде әрбір құпия мәліметті тиянақты тексеретін болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG