Accessibility links

“Хьюман Райтс Вотч” сығандарды депортацияламауды талап етті


Халықаралық құқыққорғаушы "Хьюман Райтс Вотч" ұйымы батыс елдерін Косовоға сығандарды депортациялауды тоқтатуға шақырды.

Құқыққорғаушылардың сөзінше, Косовоға жіберілген азаматтар онда дискриминацияға ұшырап, құқықтары аяқ асты болуда.

Ұйымның мәліметінше, 1999 жылдан бері Косовоға 50 мың сыған күштеп көшірілген. Олардың көпшілігі жұмыссыз, баспанасыз, медициналық және әлеуметтік қызметтерден қағылған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG