Accessibility links

Иран дипломаты Финляндиядан саяси баспана алды


Иранның Хельсинкидегі елшілігінің бұрынғы қызметкері Хоссейн Ализадех Финляндиядан саяси баспана алды.

Қыркүйек айының басында Хоссейн Ализадех өз еркімен қызметін тастап, оппозицияға кетуді ұйғарған. Ализадех жыл басынан бері Еуропа елдерінен саяси баспана алған үшінші Ирандық дипломат. Олар осылайша Ирандағы адам құқығының бұзылуына қарсылығын білдіріп отыр.

Хоссейн Ализадех Иран президенті Махмуд Ахмадинежадты 2009 жылы болған сайлауда билікті басып алды деп айыптады. Ол сондай-ақ елге оралысымен өзін ауыр жаза күтіп тұрғандығына еш күмән келтірмейді.
XS
SM
MD
LG