Accessibility links

Тәжік полициясы бүлікші деген күдікпен 3 адамды өлтірген


Тәжікстан билігі елдің Исфара ауданындағы полицияның рейді кезінде террорист деген күдікпен үш адамды өлтіргенін хабарлап отыр.

Азаттықтың тәжік қызметіне хабарлаған Чоркух ауылының жергілікті басшысы Немат Олимовтің айтуынша, бұл аймақта полицияның қарулы топқа қарсы операциясы басталмас бұрын тұрғындар басқа жаққа көшірілген. Олимовтың сөзіне қарағанда, қарулы адамның бірі қолға түскен. Тағы біреуі қашып кеткен.

Исфара Қырғызстан және Өзбекстанмен шекаралас тынышсыз аймақ Ферғана жазығында орналасқан. Тәжікстан күштері Рашт жазығындағы исламистік бүлікшілерге қарсы әскери операциясын жалғастырып келеді.
XS
SM
MD
LG