Accessibility links

Эштон: қарашаның 10-нан кейін Иран келіссөздерге дайын


Еуропа Одағының сыртқы істер жөніндегі басшысы Кэтрин Эштон қарашаның 10-нан кейін Иран алты жетекші елмен ядролық келіссөздер өткізуге дайындалып жатыр деді. Бұл туралы Эштон жұма күні Брюссельде мәлімдеді:

"Бүгін таңертең мен Ирандағы елші Саид Жалилиден хат алдым. Онда ол мен айтқан мәселелерді оң қабылдап, өзінің қарашаның 10-нан кейін талқылауларды бастауға, мерзімі мен болатын жер туралы келісетінін білдірген".

Кэтрин Эштон Иранның бұл хабарламасы "өте маңызды қадам" болып отыр деді. Ол Иранның ядролық мәмілегері Жалилиге жолдаған хатында оны қарашаның 15-17 күндері Венада ядролық келіссөздерге шақырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG