Accessibility links

Биыл 4 мың қазақстандық қажылыққа барады


Қараша айында 4 мың қазақстандық Меккеге қажылыққа барады. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі Қазақстанның діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғар Өмірбекке сілтеме жасап хабарлап отыр.

Сауд Арабия Қазақстанға 2010 жылға 4 мың квота берген. Бүгінгі таңда бұл орынның бәрі беріліп қойған. Қазақстан қажылары Меккеге сапарын қарашаның 1-нен бастайды. Олардың сапарын 34 туристік фирма ұйымдастырады.

Барып-қайту билеті мен қоса тұратын жер, автобуспен жүру сапарының жалпы құны 3,200 доллардан 4 мың долларға дейін болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG