Accessibility links

Цунамидан кейін жоғалғандардың 130-ы аман табылды


Цунами апатынан қаза тапқандардың саны -413 болса, тағы да 300-дей адам хабар- ошарсыз кетті деп хабарланған еді. Сенбі күні олардың 130-ы аман-есен табылғаныдығы жайлы дерек жетті.

Суматраның жергілікті билігі гуманитарлық көмектің келіп жатқанын хабарлады, дегенмен де қажетті заттарды зардап шеккен мұқтаж аймақтарға жеткізу қиындық тудырып отыр дейді гуманитарлық ұйым қызметкерлері.

Сейсенбі күні Ментаваи аралдарында көтерілген цунамиден 13 мыңдай тұрғын баспаналарын тастап шығуға мәжбүр болды.

Сол күні Жава аралында Мерапи жанартауы атқылап, 50 мың адамды эвакуациялауға тура келген.
XS
SM
MD
LG