Accessibility links

Йемен жарылғыш заттарға қатысты жайтты тергеп-тексеріп жатыр


Йемен билігі АҚШ-қа қарай ұшатын ұшақтағы жүк арасында жарылғыш заттары болған екі пакетті кімдер, қандай мақсатпен жөнелтпекші болды деген мәселе бойынша тергеу амалдарын бастаған.

Себа ресми жаңалықтар агенттігі аты аталмаған жоғары билік өкілінің "Тергеу амалдары Біріккен араб әмірліктері мен Британияның және АҚШ-тың арнайы қызметтерімен бірге үйлестіріліп жүргізіліп жатыр" деген сөзін келтірген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG