Accessibility links

Ғаламдық табиғат қорғау конвенциясы мақұлданды


193 елдің делегаттары әлемде құрып кету қаупі төніп тұрған жасыл ормандар мен табиғи экологиялық жүйенің басқа да түрлерін алдағы 10 жыл бойына қорғау турасындағы ғаламдық келісімге қол жеткізді.

Бұл келісім бүгін Жапонияның Нагоя қаласындағы БҰҰ-ның саммитінде жасалды. Он жылдық жоспарға миллиардтаған доллар бөлінетіндігі айтылды.

Конференцияға қатысушылар 2020 жылға қарай құрғақ жер көлемінің 17 пайызын, ал ғаламдық мұхиттар әлемінің 10 пайызын қамқорлыққа алуға міндеттенген. Қазіргі күні жердің 13 пайызы, су әлемінің бір пайызы ғана қорғалады.
XS
SM
MD
LG