Accessibility links

Карзай есірткі операциясына қатысты түсініктеме талап етті


Ауғанстан президенті Хамид Карзай НАТО қолбасшылығынан АҚШ пен Ресейдің өз үкіметінің рұқсатынсыз өткізген есірткі операциясы турасында түсініктеме берулерін сұрады.

Мұның алдында Мәскеудің есірткіге қарсы күрес шенеуніктерінің бірі Виктор Иванов АҚШ-пен бірлесіп жүргізілген алғашқы операция барысында Ауғанстандағы төрт бірдей есірткі зертханасын талқандағандықтарын айтқан болатын. Ивановтың сөзінше 250 миллион доллар болатын героин мен морфин және оларды дайындайтын құрал-жабдықтар жойылған.

Ресей Орталық Азия арқылы Ресейге ағылатын есірткі көлемі артып кетті деп, АҚШ пен НАТО күштерінің Ауғанстандағы есірткіге қарсы саясатын жиі сынға алып келген.
XS
SM
MD
LG