Accessibility links

"Росатом" Вьетнамда бірінші атом электр стансасын салатын болды


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Вьетнам астанасына сапары кезінде құны 5,6 млд доллар болатын келісімге қол қойылды. Ресейдің "Росатом" компаниясы оңтүстік-шығыс азиялық елде алғашқы АЭС салатын болды.

Үкіметаралық келісім бойынша 2014 жылдан бес жылға дейін екі реактор салынбақшы.

Францияның AFP ақпарат агенттігі хабарлағандай, Вьетнам елі алдағы жиырма жыл ішінде сегіз ядролық кәсіпорын салуды жоспарлап отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG