Accessibility links

Ресей шерушілері саяси тұтқындарға қолдау танытып, көшеге шықты


Ресейде 100 шақты адам саяси астары бар соттарды тоқтатуды талап етіп көшеге шықты. ФСБ-ның кеңселері алдына жиналған жұрт мұнай алпауыты болған, түрмеде отырған Михаил Ходорковскийді айыптаулардан босатуды талап етті.

Ходорковский "ЮКОС" мұнай компаниясын басқарған кезде салықтан жалтарды, алаяқтық жасады деген айыптармен сегіз жылға абақтыға жабылған. Оған қосымша тағы айыптар тағылып, екінші процесі жүріп жатыр.

Оның қорғаушылары Ходорковский оппозициялық топтарға қолдау танытқан соң, қудаланып жатыр дейді.
XS
SM
MD
LG