Accessibility links

Стамбулдағы жарылыстан кемінде 22 адам жараланды


Жексенбі күні Стамбулдың Таксим алаңында жанкешті жарылыс жасап, кемінде 22 адам жарақат алды.

Қала полициясының басшысы Хусейн Жапкиннің айтуынша, шабуылдан 9 полиция қызметкері мен 6 бейбіт тұрғын жарақат алған. Ауыр жараланған екі адам хал үстінде деп хабарланды.

Ақпарат құралдарының жазуынша, жанкешті алаңның шерулер болған жағдайда жиналатын полиция тұрағына жақын жерде жарылғышын іске қосқан. Жанпидашының мәйіті оқиға орнынан табылған.

Бұл жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім алмады. Бірақ осыған дейін Түркиядағы күрд көтерілісшілері автономия алуды талап етіп, бірнеше жанкештілік шабуылдар жасаған.
XS
SM
MD
LG