Accessibility links

Қазақстанда мәслихат депутаттарының сайлауы өтті


Қазақстанның 13 аймағының 63 сайлау округында мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. Кандидаттар орнынан түсіп қалған депутаттардың орнына сайлануы тиіс.

Қазанның 31-і күні барлығы алты облыстық, бес қалалық және 52 аудандық мәслихат депутаттары сайлануы тиіс болатын. Әзірге сайлаудың қортындысы дайын емес дейді елдің орталық сайлау комиссиясы өкілдері.

Мәліметтерге қарағанда сайлауға барлығы 145 үміткер тіркелген. Олардың 62-і саяси партиялар атынан сайлауға түскен. Бір үміткер қоғамдық ұйымнан, ал қалған 82 адам жеке тұлғалар болып табылады.
XS
SM
MD
LG