Accessibility links

Қазақстан бензин экспортына тыйымды ұзартуы мүмкін


Қазақстан жанар-жағар май экспортына салынған тыйымды ұзартуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Мұнай және газ министрлігі мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Қуандық Құлмұрзинге сілтеме жасап "Новости-Казахстан" агенттігі хабарлады.

Тыйым 2011 жылдың басына дейін созылуы мүмкін.

Қазақстанда жанар-жағар май экспортына тыйым мамыр айында салынып, қарашаның 1-інде алынуы тиіс еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG