Accessibility links

Бағдадтағы операцияның құрбандары 52-ге жетті


Бағдадтағы христиан шіркеуінен кепілдікке түскендерді құтқару операциясының барысында қаза болғандардың саны 52-ге жетті. 60-қа жуық адам жараланды. Операция жексенбі күні болды.

Кепілдікте отырғандардың басым көпшілігі экстремистердің қолынан қаза тапты ма әлде қауіпсіздік күштерінің операциясы себеп болды ма, әзірше, белгісіз.

Экстремистер Ирақ түрмелерінде отырған сыбайластарын және, олардың пікірінше, Мысырдың христиан шіркеулерінде өз ықтиярынсыз қамауда отырған мұсылман әйелдерін босатуды талап етті.

Бастапқы мәлімет бойынша, Бағдадтағы христиан шіркеуіне жасалған қастандықты «Әл-Қаида» ұйымымен байланысты «Ирақ ислам мемлекеті» тобы өз жауапкерлігіне алып отыр.
XS
SM
MD
LG