Accessibility links

Тәліптер Ауғанстанның бір ауданын уақытша басып алды


Тәліптер Ауғанстанның шығысындағы Газни облысы аудандарының біріне уақытша үстемдігін орнатты.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, жексенбі күні кешкісін Хогьяни ауданындағы әкімшілік кеңселерін тәліптер басып алды. Қаза тапқандар мен жараланғандардың саны белгісіз.

Тәліптердің өкілі мәлімдегендей, әкімшілік кеңселерін күзеткен полицейлер түгел оққа ұшты немесе тұтқындалды.
Газни – Ауғанстанның ең беймаза облыстарының бірі.

Ауғанстаннцң 350 ауданының 10-ға жуығын тәліптер билеп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG