Accessibility links

Пәкістанда тағы да НАТО автоцистерналары атқыланды


Пәкістанның солтүстік-батысында жанпидашыл-қаскүнемнің шабуылынан 2 полицей құрбан болып, бесеуі жараланды.

Қаскүнем Исламабадтан 100 шақырымдай қашықтықтағы Шах-Мансұр ауданындағы полиция басқармасының кеңсесіне кірмек болып, өзін күзет тоқтатқан кезде ол өзін-өзі жарып жіберді.

Пәкістанның тағы осы ауданындағы Пабби қаласының маңында экстремистердің тобы Ауғанстандағы НАТО күштеріне жанармай таситын 2 автоцистернаны атқылады. Көлік жүргізетін 3 кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG