Accessibility links

Ресей президенті Токио даулаған аралға келіп тоқтады


Ресей президенті Дмитрий Медведев Вьетнамға сапарын аяқтап, Курил аралдары тобына жататын оңтүстіктегі Кунашир аралына келіп жетті. Бұл Жапония даулап жатқан аралдардың бірі болып табылады.

Оның қарсаңында Күншығыс елі Медведевтің даулы аралға бармақ ниетін қолдамайтынын мәлімдеген болатын.

ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін Совет Одағы даулы 4 аралды өзіне қаратып алды. Содан бері жер дауы Токио мен Мәскеу арасындады ресми бейбіт бітімге қол қоюға бөгет болып келеді.

Токио осы 4 аралды өзінің «солтүстік аумағы» деп есептейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG