Accessibility links

ЮКОС-тың бұрынғы иелерінің ісі бойынша сот аяқталып қалды


Михаил Ходорковский өзі мен Платон Лебедевтің үстінен қозғалған екінші қылмыстық іс бойынша сот үкімі де айыптау болып шығады деп есептейді.

Ходорковский мемлекеттік айыптаушының дүйсенбі күнгі сөзіне осындай пікір білдірді.

ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы басшысы прокурорлардың сөздері мен айыптау қорытындысындағы айырмашылықтарға назар аударды. Егер, - деп санайды Ходорковский, - прокуратура көзбояушылыққа барса, онда айыптаушылардың айтар уәжі қалмады.

Оның адвокаттары сейсенбі күні пікір білдіру құқын пайдаланбақшы, оның ізінше Ходорковский ақырғы сөзін айтуға тиіс.

Прокуратура 2 күдіктіні 14 жылға бас бостандықтарынан айыруды сұрайды. Адвокаттар бұл істі қолдан жасалған іс деп есептейді.

ЮКОС компаниясының бұрынғы 2 иесі өз компаниясынан «мұнай ұрлады» және «заңсыз табысын заңдастарды» деп айыпталып отыр.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG