Accessibility links

Берлин ЮКОС бойынша екінші сотқа алаңдайды


Германияның сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле ЮКОС компаниясының бұрынғы басшылары Михаил Ходорковский мен Платон Лебедевтің екінші ісі бойынша сот барысына қатты алаңдайды.

Дүйсенбі күні Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен Мәскеуде болып өткен келіссөзінде Вестервелле соттың бейтарап әрі әділ өтіп жатқанына күмән туып отырғанын Мәскеу де ескеруге тиіс деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Ресей министрі қорғаушылар мен айыптаушылардың өз пікірлерін айтқанын, ал енді «үкімді сот қабылдайтынын» уәжге келтірді.

Неміс министрінің сапары бағдарламасында Ресей оппозициясы мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездесуі де қрастырылған.
XS
SM
MD
LG