Accessibility links

Павлодар: сегіз оқушы ойыншықтан уланып қалды


Павлодар қаласындағы № 42 мектептің алтыншы сыныбында оқитын сегіз бала сабақ үстінде уланып, ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлап отыр.

Оқушылардың бірі мектеп жанындағы ойыншық дүкенінен жағымсыз иісі бар «тарсылдақты» ойыншықтар сатып алып, сыныпта жарған. Мектепке бірден дәрігерлер, полиция мен төтенше жағдайлар қызметкерлері келген.

«Оқушы сөмкесінен Қытайда жасалынған осындай тағы екі ойыншық табылды. Олар химиялық сараптамаға жіберілді. Ал балаларға қатысты жүргізілген сот-медициналық сараптама қаншалықты зардап шеккендіктерін анықтап, кейін шешім қабылданатын болады», - дейді Павлодарлық Оңтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Владимир Бычков.

Полиция ойыншық сатылған дүкеннен әлі сатылмай тұрған улы ойыншықтарды тәркіледі.
XS
SM
MD
LG