Accessibility links

Еуропада әуе қауіпсіздігі шаралары күшейтілді


Еуропа елдері әуе транспортындағы қауіпсіздік шарасын күшейтті. Бұл жақында Йеменнен келген екі ұшақтан жарылғыш заттар табылғаннан кейін қолға алынып отыр. Жарылғыш заттар ұшақ тасымалдаған жүктердің ішінен табылған.

Осыған байланысты Ұлыбританияда әуе жолаушыларына қолында принтерге арналған картридж алып жүруге тыйым салынды. Одан өзге британ әуежайлары Йемен мен Сомалиден бір де бір жүк ұшағын қабылдамайтын болды.

Германия Йеменнен келетін барлық - жүк және жолаушылар ұшақтары үшін әуе кеңістігін жауып тастады.
XS
SM
MD
LG