Accessibility links

Йеменде 2 күдіктіні ұстау үшін ірі операция басталды


Сейсенбіден бері Йемен араб елінде Ибраһим әл-Асириді ұстауды көздеген ірі әскери операция басталды. Әл-Асири – таяуда ғана осы елден АҚШ-қа поштамен жарылғыш салынған сәлемдеме жіберген оқиға бойынша ең басты күдікті болып табылады.

Мариб және Шабва өлкелерінде басталған операцияға қауіпсіздік қызметінің агенттері де атсалысып жатыр.

Сауд Арабиясының терроршылар тізімінде бірінші болып тұрған әл-Асиримен бірге бітіспес дін көсемі Әнуар әл-Аулакиді де іздестіру үстінде.

Сейсенбі күні мәлім болғандай, Йеменге қоса АҚШ азаматтығы бар әл-Аулакиге «Әл-Қаида» тобымен байланысы бар және шетелдіктерді өлтіруге арандатты деген айыптар тағылыпты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG