Accessibility links

Иран өз азаматтарын Францияға бармауға шақырды


Иран үкіметі өз азаматтарын Францияға бармауға шақырды. Өйткені, ресми Теһранның мәлімдеуінше, зейнетке шығу жасын ұлғайту реформасына қарсы наразылық «айтарлықтай тәртіп бұзушылыққа» соқтырды.

Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Рамин Меһманпарасттың айтуынша, Францияға барған Иран азаматтары өте сақ болуға тиіс. Себебі, бұл елдегі ахуал өте қатерлі.

Ирандағы өткен жылдың маусымындағы президент сайлауы мен саяси оппозицияның сайлау нәтижесін бұрмалауға қарсы шығуына байланысты Франция өз азаматтарын Иранға баруға қаншалықты қауіпті болатынын ресми түрде ескерткен болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG