Accessibility links

Қазақстан бензин экспортына тыйымды ұзартты


Қазақстан жанар-жағар май экспортына салынған тыйымды жарты жылға - 2011 жылдың 1-мамырына дейін ұзартты.

Осыған сәйкес қаулының мәтіні сәрсенбі күні ресми ақпарат құралдарында жарияланды.
«Арнайы бензин түрлері және тұрмыстық пеш отынынан басқа жеңіл дистиляттар мен өнімдерді, керосин және газ өнімдерін экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салынсын», - делінген үкімет қаулысында.

Елде жанар-жағар май экспортына тыйым осы жылдың мамыр айында салынған еді. Ол қарашаның 1-і күні аяқталуы тиіс болатын.

Эмбаргоның ұзартылуына байланысты Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрлігіне "Кеден одағына кіретін мемлекеттерді құлағдар ету" тапсырылды.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG