Accessibility links

Талғат Құлыбаев ІІМ академиясының басшысы болып тағайындалды


Генерал-майор Талғат Құлыбаев Алматыдағы Қазақстан ішкі істер министрлігі академиясының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

Осы оқу орны өкілінің хабарлауынша, Құлыбаев бұл қызметке қазан айында тағайындалған. Бұған дейін ол ішкі істер министрлігінің Оңтүстік-Шығыс департаментінің бастығы болып қызмет еткен.

Талғат Құлыбаев - президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың үлкен ағасы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG