Accessibility links

АҚШ-та республикандықтар Өкілдер палатасына бақылауды қайта алды


АҚШ-тың аралық сайлауында оппозициялық Республикан партиясы Өкілдер палатасына бақылауды қайта алды. Сейсенбі күнгі сайлауда республикандықтар 435 орындық Өкілдер палатасына бақылауды қайта алатындай дауыс жинады. Соңғы 4 жылдай Обаманың Демократтар партиясы Өкілдер үйінде басымдықта болып келген.

Бұл туралы ақпарат құралдары өздерінің exit-poll жобаларына сүйеніп хабарлады. Оппозициялық партияға басымдық алу үшін кемінде 39 орынды иеленуі керек болған.

Сонымен қоса, республикандықтар 100 мүшесі бар Сенаттағы Демократтардың 5 орнын жеңіп алған. Бірақ exit-poll жобалары Демократтардың Сенатта басымдықты сақтап қалғанын көрсетіп отыр.
XS
SM
MD
LG