Accessibility links

Бағдадтағы шабуылдардан 60-тан аса кісі құрбан болды


Ирақ астанасындағы бірқатар шабуылдардан қаза тапқандар саны 60-қа жетті. 200-ден аса кісі жарақат алған. Сейсенбі күні шийттер басым тұратын қоғамдық оншақты орында жарылыс болған.

Бұл шабуылдарға жауапкершілікті әзірге ешкім алмады. Бірақ оларды әл-Қаидамен байланысты сүннит жауынгерлерінің тобы жасады деп күдіктеліп отыр.

Осы шабуылдар алдында Бағдадтағы католиктер шіркеуін басып алғандардан арашалау кезінде 50 христиан діндары қаза тапқан еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG