Accessibility links

Жұмыртқа лақтырған желтоқсаншылар жауапқа тартылды


Алматы қалалық әкімшілік соты "Желтоқсан 86" ұйымының жетекшісі Гүлбахрам Жүніске 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Ал ендігі бір желтоқсаншы Талғат Рысқұлбеков 7 күнге қамауға алынды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Гүлбахрам Жүніс хабарлады.

Олар қазанның 27-сі күні баспасөз мәслихатында спикерлерге жұмыртқа лақтырғаны үшін айыпталып отыр.

Өздеріне қатысты қарашаның 2-сі күні өткен сотты "желтоқсандықтарды қайта жазалау" деп бағалаған Гүлбахрам Жүніс ертең арнайы жиын өткізетіндіктерін жеткізді.
XS
SM
MD
LG